Ғұрыптық

lat: Ǵuryptyq

Тіптен, тарихи себептермен осы заманғы дамудан тысқары қалған кейбір тайпаларда қазірдің өзінде де ұрманы тек аңшылықта ғана емес, ғ ұ р ы п т ы қ той-думан үстінде ойынсауықты, билер мен әуендерді сүйемелдеуге пайдаланып келе жатқандығы мәлім («Қаз. әдеб.»). Абай қаласындағы №12 мектепте шөкірттерге эстетикалық және ғ ұ р ы п т ы қ тәрбие беру, оларды еңбекке баулу табысты жүргізіледі («Қазақст. мұғ.»). Бұл бастаманың мазмұны оқушылардың білім сапасын көтеруге, оларға саяси еңбек, ғ ұ р ы п т ы қ пен эстетикалық тәрбиені жан-жақты беруге бағытталған («Қазақст. мект.»).