Ғылыми фантастика

lat: Ǵylymı fantasıka.

ә д е б. Көркем әдебиетте, кинода, кескіндемеде тб. өнер салаларында ғылым мен техниканы қиял-ғажайып негізде дәріптейтін жанр. Әйтсе де ғ ы л ы м и ф а н т а с т и к а н ы ң ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты екендігін теріске шығару жаңсақ болар еді (Әдеб. Термин.). Ғ ы л ы м и ф а н т а с т и к а өнердегі дербес жанр ретіндегі 20-ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән (ҚҰЭ).