Ғылыми зерттеу принциптері

lat: Ǵylymı zertteý prınsıpteri

Ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар іспеттес болады. Принциптер логикалық категория, олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді. Тарих ғылымында тарихилық, шынайылық және әлеуметтік принциптер орын алған.