Жоғары білімі бар, кандидаттық емтихандар тапсырған, еңбектері баспасөз беттерінде жарияланган, ғылыми конференцияларда баяндалған, өзекті тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғаган адам. Дәрібай одан соң диссертация қорғап, ғ ы л ы м к а н д и д а т ы деген атақ алды. Қазір педагогикалық институтта сабақ береді (Б.Соқпақбаев, Аяжан). Ауыл шаруашылығы ғ ы л ы м ы н ы ң к а н д и д а т ы Б.Х.Садықов пен С.М.Перегудовтың зерттеуіне қарағанда, аруана 7 ай сауғанда 2007 литр, қос өркеш інген - 1187 литр сүт берген (И.Жұмағүлов, Түйе өсіру). Филология ғ ы л ы м ы н ы ң к а н д и д а т ы С.Әліпов жақында бір мақаласында ақындар айтыс сөзін күні бұрын жазып, соны жаттап айтысқанын теріс көрмейтінін білдірді («Қаз. Әдеб.»). Ғ ы л ы м к а н д и д а т ы «ғылым докторы» деген дәрежеге ие болу үшін диссертация қорғауға құқығы бар (Қаз. Тілі термин. Педагогика.).