ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесіндегі, ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зерттелетін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ оларды зерттеу әдісі. Ғылымдардың топқа жіктелуі формалды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұнды (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс "Табиғат диалектикасында" бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Ггельдің) бір жақтылығынан арылған Ғылымдардың топқа жіктелуін жасады. Энгельс Ғылымдардың топқа жіктелуін жекелеген ғылымдар және олардың материалдық негіздерінің (материяның дискриттік түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінді. Ол бірқатар ғылымдарды, механиканы, физиканы, хмияны, биологияны айқындады. Кейіннен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға, тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысуы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге сырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы (қозғалыс формалары арасындағы) ойысуға баса назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану арқылы ашылатыны басшылыққа алынды, ол гентикалық жағынан туындайды және лдар бағынышты формалар ретінде көрінеді. Ғылымдарды бұдан былайғы саралау олардың күшейе түскен интеграциялануын, бұрынғы бытыраңқы ғылымдар мен қалған ғылымдар арқау болып тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі ғалымдардың туу жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық - түр, ал жаратылыстану мен философиялық ғылымдардың арасында - математикалық, математика мен логиканың шегінде математикалық логика тұр. Психологияның негізгі салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызметі туралы ілім арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік психология т.т. арқылы қоғамдық ғылымдармен, логика мен таным теориясы арқылы ойлау туралы ғылымдармен байланысты. Басқа ғылымдарға терең тамыр тартып жатқан техникалық және математикалық бөлімнің өкілі болып табылатын кибернетиканың алатын орны ерекше. Жүйелі талдау, модельдеу және басқалар сияқты ғылыми - әдістер онымен өзара байланыста. ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің Ғылымдардың топқа жіктелуінің алғашқы схемасына түбегейлі өзгерістер енгізді. Микродүние туралы жаңа ғылым (ядролық - субатомдық физика, кванттық механикалық физика), аралық ғылымдар пайда болды (биохимиялық биофизикалық, геохимиялық және басқалары, мысалы бионика); барлық жерде бұрыңғы ғылымдардың екіге жіктелуі байқалды (мысалы,микрообьектілер мен мткрообьектілерді зерттейтін ғылымдарға ), соның нәтижесінде Ғылымдардың топқа жіктелуі енді бір жақты бола алмайды, қайта жекелеген ғылымдардың өзінің ерекше материалдық субстраты (қолданушысы) бар, неғұрлым ортақ, абстрактілі және нақты ғылымдарға бөліне отырып, күрделі тарамдануы іске асады. Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым ретінде диалектикалық материалистік философияда қамтылады.