Ғылымдық

lat: Ǵylymdyq

с ы н е с і м. 1. Ғылымға тән. Сен күліп жеңілелпі көрініп жатқан еңбектің бәрінің де ғ ы л ы м д ы қ мәні бар (С.Бегалин, Уақыт.). 2. Ғылыми. Бекмұрат Уахатов қазақстандағы М.Әуезов аспирантурасынан өткен, соның ғ ы л ы м д ы қ мектебінен өскен талантты ғалым (С.Садырбаев, Шығ.). 3. Ғалымдық. Он бір мен он екіде түркі білдім, Ғ ы л ы м д ы қ зирек жанның мүлкі білдім. Шығарған мүсәжнәфтар назым қылып, Түркіні төмім тілдің көркі білдім (Әбубәкір Кердері, Қазағым). Жасынан ғ ы л ы м д ы қ қ а болған ғашық, Тілге ұста, іске шебер, көкірегі ашық, Тамаша он бармақтан өнер шашқан, Өнерге неше түрлі болды машық (Н.Ахметбеков, Амангелді).