философиялық жəне тұтас, нақты ғылымдар мен ғылыми теориялардың негіздеріне қатысты мəселе; логикалық, математикалық, табиғаттану, инженерлік-техникалық, əлеуметтік пен гуманитарлық ғылыми пəндердің фундаменталды теорияларының мағынасына философиялық талдау беру мəселелері. Ғылымның философиялық мəселелерінің мысалдары: 1. Математикалық білімнің табиғаты қандай? 2. Ықтималды жəне кванттық механиканың теорияларының философиялық негіздері мен мəні неде? 3. Ықтималды, детерменизм жəне индетерминизм дегеніміз не? 4. Жалпы жүйелердің эволюциясында, сонымен қатар биологиялық жүйелердің дамуында кездейсоқтықтың рөлі қанша? 5. Гуманитарлық танымның өзгешелігі неде? Ғылым мəселелерінің философиялық өзгешелігі олардың комплекстілігінде (кешені), яғни өзінің құрамында əртүрлі когнитивтік элементтерді - философиялық жəне нақты-ғылыми категорияларды органикалық тұтастықта қамтиды. Ғылымның философиялық мəселелерін шешу үшін ғалым философия мен тарихтың білімін меңгеру қажет, кəсіби түрде философиялық тіл мен философиялық ойлауды дамыту қажет. Ғылымның философиялық мəселелері жалпы философияны жəне нақты ғылымдардың дамуына ықпал етеді. Ғылымның философиялық мəселелері əйгілі ғалымдар-теоретиктер, жаңа ғылыми концепциялар мен бағыттардың қалаушыларын (Г. Галилей, И. Ньютон, В.И. Вернадский, Д. Гильберт, А. Эйнштейн, В. Гейзенберг, Н. Бор, Н. Винер, П. Капица т.б.) қамтиды. Ғылым көп қырлы, көп астарлы əлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мəдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мəдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды жəне де философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептер негізінде адам баласының рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады.