Графия

lat: ...Grafıaá

[грек grapho] 1. Бір нәрсені сызба, бейне түрінде көрсетуге қатысты, сипаттауға қатысты Еуропа тілдерінен енген күрделі сөздердің соңғы сыңары, мыс., география, этнография. Шығарма жаздыруда о р ф о г р а ф и я тілдің лексика, сөйлем құрау, пунктуация, стиль т.б. сияқты жақтарымен қоян-қолтық келеді («Қазақст. мект.»). Астрономия, геометрия, математика (арифметика), акустика, оптика, механика, химия, минералогия, г е о г р а ф и я, геология, к о с м о г р а ф и я, ботаника, медицина, логика, риторика, лингвистика, поэзия, саясат, философия, музыка - Фараби ғылымдарының тізбегі осылай келеді («Қазақст. Әйелдері»). Т о м о г р а ф и я л а р д а қатерлі, қатерсіз ісіктердің аймағы, көлемі мен сипаты айқынырақ көрінеді (А.Тұрғанбаев, Рентгенология.). Сөйтіп қалың қабаттарға р е н т г е н о г р а ф и я н ы қолдану жөніндегі 1912 жылғы Бокаж ұсынған идея жүзеге асты (А.Тұрғанбаев, Рентгенология.).