Граф

lat: ...Graf

[grapho - жазамын] Адамның бір нәрсені жазатын, сипаттайтын, зерттейтін мамандығын құрамдық бір нәрсені суреттейтінін, бекітетінін, тіркейтінін білдіретін Еуропа тілдерінен енген сөздердің соңғы бөлігі. Жан адамта бұрылып қарамай, туп-тура комендантқа кеп, ақсары қыз, қолына шумақтап ұстатан т е л е г р а ф лентасын ұсынды (Ә.Нұрпейісов, Курляндия). Бұл толқындардың қандай жылдамдықпен өткенін с е й с м о г р а ф деген аппарат жазып тұрады (М.Маташев, Қара алтын). Адам жүрегінің қызметін бақылап, оны қисық түрінде жазып тұратын к а р д и о г р а ф т а р жасалды («Халық мұғ.»).