АУДАРМА

lat: AÝDARMA

з а т. Бір тілден екінші тілге тәржімеленген шығарма.

Оның сұрағаны - Фадеевтің «Жас гвардия» атты романының қазақша аудармасы (С.Мұқанов, Шығ.).

Жоғарыда айтылғандай, сорақы кемшіліктер осы аудармалардың көпшілігінде-ақ бар (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).

Би-ағаң түнгі он екіге таянғанда, қаулы-қарарлардың аудармасына тоқтады (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).