АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕАҚПАРАТТАР ТАСЫМАЛДАҒЫШТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

lat: AÝDIO JÁNE BEINEAQPARATTAR TASYMALDAǴYSHTARDY TEHNIKALYQ BAQYLAÝ QURALDARY

техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.

Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото, кино, слайдпроекторлары, микрофишаларды қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.

Аудио және бейне ақпарат тасымалдағыштарын бақылаудың техникалық құралдары осы техникалық ақпарат тасымалдағыштардың экспорты мен импорты кезінде магниттік тасымалдағыштарға (бобиналардағы, пленкалардағы, компакт-кассеталардағы, дискілердегі, ЭЕМ дискеттеріндегі) жазылған аудиоақпараттар мен бейне ақпараттарды көру, тыңдау және өшіру үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе оған әкелуге тыйым салынған аудио және бейнеақпараттар анықталған жағдайда тиісті анықтау органдарына хабарланады немесе ақпараттар техникалық тасымалдағыштан өшіріледі.

Шығарылған фотопленкалар мен кинопленкаларды, слайдтар мен микрофишаларды көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру үшін де қолданылады.