lat: AÝLA
(Орал: Орда, Жән., Шыңғ.; Гур.: Шев., Маңғ.; Түрікм.: Ашх., Анн., Гяу.) қора.
Өрістен келген қойды аулаға кіргіз! (Орал, Шыңғ.). Тінәлі ұлының ауласында шөпсіз байлаулы тұрды («Ж. жол», 20.01.1932). Үлкен ауланың ішінде бірі тезек күреп, бірі шөп тырмалап жүрген адамдар маған көңіл қойған жоқ (Ә. Сер., Тол. туғ., 21). Малды аулаға қамайды (Гур., Маңғ.).
[Түрікменше ховлы (Рус.-туркм. сл., 1956, 132); өзб. ховли (Узб.-рус. сл., 1959, 659); қырғ. авли (К. Юд., КРС, 19); түр. авлы, авлу (Тур.-рус. сл., 1977, 77). Парсы тілінде агол қора, мал қорасы (Пер.-рус. сл., 1, 1983, 101). Латын тілінде аула қора; мал қорасы (И. Двор., ЛРС, 117). Сөз төркіні грек сөзі аула үй алдындағы сарай, кіре беріс]. Қ. әулі.