арнайы техникамен және құралдармен жабдықталған кәсіпқой құтқарушылардың бөлімшесі. Ол альпинистік, судағы спорт және туристік саяхат іс-шаралары кезінде қиын табиғи орта жағдайында аварияға ұшыраған немесе күтпеген жағдайға тап болған адамдар тобын немесе жеке азаматтарды іздестіруге және құтқаруға әрдайым дайын тұрады. сондай-ақ төтенше жағдай аймағында жердегі немесе су айдындарындағы жетуі қиын орындарында, көлемді инфрақұрылымдық құрылыстарда альпинистік өрмелеуді, судан құтқаруды және спелеология лық амалдар мен сәйкес жабдықтарды қажет ететін авариялық-құтқарушы жұмыстарына да дайын тұрады.