лат. желдің соғуы, ызғар деген сөзі, қысқа мерзімді санасыздық. Бұл қояншық ауруының хабаршысы оның алғашқы белгісі сияқты. Алайда қояншық ауруының мұндай белгісі ұстамалы қояншық ауруымен зардап шегетіндердің бәрінде кездесе бермейді. Аурудың бұл сипаты балалар мен жеткіншектерде сирек кездеседі. Аурудың ұстамалы түрі адамның қимыл-қозғалысы мен сезімдік әрекеттерінің тоқтап қалуынан байқалып, бірнеше секундқа, не минуттарға созылуы мүмкін.