психологиялық шектелудің ең соңғы түрі және күйі. Аутизм индивидтің қоршаған ортамен байланыс-қатынастардан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуынан» және өз күйзелістерінің тұйық әлеміне енуден көрініс табады. Бұл термин субъекттің өз ойлауын ырықты реттеу мүмкіншілігінің төмендеуін, өзін шектейтін тақырыптар аясындағы ойлардан кете алмауды, кез келген байланыстардан қашуды, бірлескен іс-әрекетке қажеттіліктің болмауын білдіру мақсатында ғылымға енгізілді. Нормада аутизм тұлғаның көбінесе өз ішкі әлем суретіне және оқиғаларды бағалаудың ішкі критерийлеріне бағдарланумен байланысты болатын жеке-дара ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады (Эгоцентризмді қараңыз). Бұл ерекшеліктер индивидтің айналадағыларды интуитивтік түрде түсіне білу, олардың рөлін ойнай білу, біреудің позициясында тұру қабілеттілігінің болмауын бейнелейді.