Ауа бұзылды

lat: Aýa [kún] [raıy] buzyldy

Ауа райы өзгеріп, күн бұлттанды, жел тұрды, жауын- шашын болды.

Ауа райы күрт бұзылып, аспанды сірескен қара бұлт басып кетті (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).

Ауа райы бұзылса, жолдың да, даланың да сиқы кетеді (Р.Әутәліпов, Алтын.).

Оның үстіне күн райы мүлде бұзылып барады (Қ.Исабаев, Жұмбақ үй).

Қарға көкте айналып биік, ұзақ ұшса, күн бұзылады (Ш.Айманов, Қыран.).