lat: Aýdıtorıa
з а т. 1. п е д. Дәрісхана.
Кейде университеттің тыныштық билеген еңселі аудиториясында отырған тәрізденеді (С.Шаймерденов, Болашақ.).
Оқытушы шығып кеткеннен кейін екеу-екеуден қатар отырған қыздар бір-бірімен күбірлесе күлісті де, тегіс кеуделерін қозғап, жүздерін аудиторияның ең артында отырған маған қарай бұрды (Ә.Нұршайықов, Махабб.).
2. а у ы с. Лекция, баяндама тыңдаушылар.
Осы аудиторияның атмосферасы тамаша! (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).
Бас қосып ақылдасу үшін, түбегейлі түйінге келу үшін көп жиналған жерде, көп тыңдайтын аудиторияда пікірі іріктелген, екшелеген асылы ғана айтылуы керек (Қ.Қазыбаев, Дәуір аты).
Алғашқы сөз Әмірханға берілген. Үлкен аудиторияның алдына шыққандай ол екпінді сөйлеп тұр (М.Хасанов, Қайсар).
3. а у ы с. Телерадио-хабарлардың тыңдармандары мен көрермендері.
Киноның қуаттылық сыры оның бай аудиториясында ғана емес, ең бастысы - өнердің жаңа түрі ретіндегі синтетикалық характерінде («Лен. жас»).