lat: Aýrýlyq, dimkástik, syrqattyq, syrqaýlyq, aýrýshańdyq.
Науқастық. Ауру болушылық.
Әкемнің аурулығын білген соң, мен өскен соң төлер деді (М. Жұмағұлов).
Алпысқа келген жасы мен дімкәстігіне қарамай бұл ер келбетті азамат ел шетіне жау келгенде жер астына қайта түсті (Қ. Сақабаев).
Балғын орындаушы өзінің сырқаттығын да ұмытып, әбден балқып алған (О. Сәрсенбаев).
Тұлғамды топан сумен жуушы едім, сыпырып сырқаулықты қуушы едім (Ә.Нұрғалиев).
Белгілі бір ауруға бейім тұрушылық, сыртқы ортаның қолайсыз әcepi мен тым аурушаңдықтан («Семья тәрбиесі»).
Шешесінің науқастығы жанына қатты батады (А. Сарбопин).