Біздің туған аулымыз, Гүл бақшадай жайнады. Біздің туған баурымыз, Өндірісте ойнады (М. Хакімжанова). Бұл сөздің төркіні көне түркіше ағ — «қоршау, ішіне алу» деген етістікпен байланысты болу керек. (Батманов, Яз. енис. пам., 57; ). Кейін бұл етістіктен зат есім тудыратын -ыл/-іл жұрнағы қосылып ағыл — «мал тұратын қора, қаша» деген мағыналы сөз пайда болған. Осы мағынада қазірде де қолданылатын оғыл (өзбекше), а£П (түрікше) деген сөздер бар. Ал, кейбір түркі тілдерінде бұл сөздің қолданылуы кеңейіп, «мал қорасы бар үй я болмаса бірнеше қоралы үй, қыстақ» деген қосымша мағынаға ие болған. Мыс., монғолша айл, қырғызша айыл, татарша авыл, чувапша ял. Қазақ тілінде, оның фонетикалық заңына сәйкес, басқа түркі тілдеріндегі (азербайжан, түрік, түрікпен) екі дауысты дыбыстардың арасында кездесетін г дыбысы у Дыбысына ауысады. Оны, мысалы, ағыр — ауыр, ағыз — ауыз, сығыр — сыйыр тәрізді сөздерден байқауға болады. Ағылдың ауыл болып айтылуы да осы заңдылықпен байланысты. Кейбір ғалымдардың ағыл/ауыл сөзі армян тілінен (армянша геул — деревня деген сөз) ауысқан деуі (Реdеrsеn. Кuhns 7,) күмәнды пікір. (Н.Қ.)