Ауырсыну

lat: Aýyrsyný

организмнің сыртқы ортадан бөлектенуін, сондықтан оның ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жабынды қабықтарының тұтастығын бұзатын жағымсыз əсерлердің салдарынан туындайтын күйі. Жануарларда тек организмнің объективті реакцияларын ғана бақылауға болады, сондықтан ауырсыну деген ұғымның орнына “ноцицеция” деген түсінікті қолданған орынды.