lat: Aýysý, jyndaný, aljasý.
Ақылдан адасу, естен тану, есеңгіреу.
Шал, сен ауысқан шығарсың, менен Ақбілектің құнын сұрағалы келіп отырмысың?- деді Сүлтанғазы ызаланып (Ж. Молдағалиев).
Біреу «мынау жынданудан сау ма өзі» деп, кеудеме түйіп жібергенде қатты жұдырықтың күшімен ғана есім кірді (С. Мұқанов).
Қайыпқожаның әйелі алжасып жатыр ма деп үрейленіп, еріне тесіле қарай берді (Х.Есенжанов).