Ауыз қуысы

lat: Aýyz qýysy

а) а н а т. <лат. cavum oris> Ас қорыту жүйесінің жұтқыншақпен жалғасатын тіс пен тіл орналасқан алдыңғы бөлігі.

Ас қорыту органдарының жүйесіне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, ішек, ұйқы безі кіреді (Құс өсіруші.).

ә) л и н г в. Ауыздың сөйлеу мүшелері орналасқан бөлігі.

Бұл мүшелерге ауыз қуысы, мұрын қуысы жатады (Қаз. тілі).