Аузымен құс [құс құйрығын] тістеген • аузымен құс ілген.

lat: Aýzymen qus [qus quıryǵyn] tistegen • aýzymen qus ilgen.

Жүйрік, ұшқыр. Алтайдың көк мойнағы аты шулы, Ұмтылса, ұшырмастай қаз бен қуды. Қу тұяқ, құлан шеке ебдейленіп, Күткендей үлкен жарыс ұлы дуды. Аузымен құс тістеген кіл сәйгүлік, Деу қиын жануарды малдан туды (М. Ермеков). Сыздықтың астында аузымен құс ілерлік әсем көк, айналасы безенген, құлпырған сұлу дүние... (Ғ. Мұстафин). 2. Шешен, білгір, сөзге жүйрік адам. Кісі еді-ау ардақтанған, Қол дарып, жағасына жан батпаған. Аузымен құс тістеген ақын еді, Дәл сондай сөз білетін қалмапты адам (Ғ. Қайырбеков).