Айғақты, дәлелді, дәйекті, уәжді

lat: Aıǵaqty, dáleldi, dáıekti, ýájdi

Дәлелденген, айғаққа негізделген.

Поповтың хаты қылмыстың iзін жасырып, пара ұсынғандықтан, айғақты зат ретінде көрсетілген сияқты (А. Машанов).

Генералдың тұжырымды, дәлелді айтқан сөздерінде бұл куанарлықтай дәнеңе де жоқ-ты (Е. Домбаев).

Талай бір күндер, ай өтті,

Азапты ойлар жаныштап.

Жауабын таппай дәйекті.

Айтармын кімге бағыштап (Н. Шакенов).

Уәжді тұжырымға кім дау айтсын, мойындарына су құйылды (Қ.Салғарин).