Аянкестену, тақыстану, әйеншектену, аяншақтану, тартын- шақтану

lat: Aıankestený, taqystaný, áıenshektený, aıanshaqtaný, tartyn- shaqtaný.

Жанын аяп әккілену, қорғаншақтау. Жұман алғашында аянкестеніп, қара жүмысқа араласпай жүрді («Қаз. әдеб.»). Олар осы күні сөз сөйлеп тақыстанып алған, кәрі қойдай тартыншақ (О. Бөкеев). Сафура суық жел күні әйеншектеніп, көп сақтық ететін (Р. Әбутәліпов). Ел ішінен сырт еңбек дегеннің өзімен күн көріп үйренбеген жігіттер аяншақтанып, босқа болдырып отыр (Ғ. Мүсірепов). Жасы елулердегі шау тартқан кезі болса да, ол тартыншақтануды білмейтін (Ж. Арыстанов).