( араб. — керемет, ғажап) — Құран сүресінің тиянақты бір бөлшегі не бір шумақ өлеңі. Құранның үлкен-үлкен тараулары сүрелерге бөлінеді де, әр сүре А-тардан құралады. Араб мәдениетіне қатысты алынады да, «Құранның өлеңі» деген ұғымды білдіреді. «Қоңыр әулие» үңгіріне кіріп, қорқып жапа-тармағай құлай кеткен жастарды мысқылдап: «Шайтан болса, одан «қашып кұтылам» дейтін мен надан емеспін ғой сендердей! «Аятул-күрсіні» оқып тұрдым. Бәріңді мен құтқарып тұрғам жоқ па!» деді Мағаш. «Е, айналайын Мағаш, әйтеуір осы үңгірден шыққанша, сол дұғаңды ұмыта көрме! Ендеше, Мағаш, мен шамыңды ұстап жүрейін. Сен, әйтеуір, әлгі жарықтық « аятул-күрсіні» оқи бер!» деп, Мағаштың қолтығына кіргендей боп, сырт жағына жабысып тұр («Өкініште»).