Аят

lat: Aıat

Құран сүрелеріндегі ең қысқа үзінді, Құранның "мақамы". Құранның жазба түрі шыққаннан кейін аят біртіндеп "мақам" деген ұғымда қолданыла бастады.

Кейбір аяттар мұсылман елдерінде жеке үйлер мен мекемелердің ішін және мешіттерді әшекейлеуге қолданылады. Аят мұсылман зираттарындағы құлпытастарда да жиі кездеседі. Көптеген аяттар мен олардың үзінділерінде дуалы күш бар деп есептеледі. Олардың қатарына аят әл-Хафз "сақтану аяты", аят аш-шифа “шипа аятыжатады.