Айды аспанға бір шығарды

lat: Aıdy aspanǵa bir shyǵardy

Даңқы жер жарды, аты шықты; даңғазалай жария етіп, таңғалдырды. (Ұнамсыз мағынада, орынсыз әрекет еткен кісілерге де айтылады). Мұндағысы оның атақты саудагер Көк Орда ишік-атасы Мұхаммед әкім әл-Таразидың мұрагері бар екен деп, жер-жиһанға дәріптеумен қатар, айды аспанға шығарған той жасап, атаққұмар саудагер, өзінің атын да өзгеге таныту еді (I. Есенберлин).