lat: Aılákerlený, aılalaý, qýlaný, qýaqylaný, surqıalaný
Қулық ойлау, амал-айламен әрекет ету.
Не бір қиын жағдайдан айлакерлену арқылы құтылып кеткем, - деп мақтанып қойды («Жалын»).
Ол ауыл баласын айлалап, аймақ баласын аймалап соңынан ертеді (С. Бақбергенов).
Осыдан кейін мен де қуланып алдым, қозы жарыстыруда Ілияспен тең түсіп жүрдім (К. Шөкенов).
Тек бір қыз қилікті де, бүлдірді бәрін, - деп қуақыланып, жымиып қойды (X. Рахимов).
Деп Жәпек сұрқиялап сөзбен торлап,
Алуға болмайтынын күшпен зорлап,
Айламен айналдырып маңайласа,
Алдымен астындағы атын алмақ (С. Бегалин).