Айлакерлік, айлалылық, тәсілқойлық, тәсілшілдік, әдісқойлық, әдісшілдік, айлакестік, райкерлік

lat: Aılakerlik, aılalylyq, tásilqoılyq, tásilshildik, ádisqoılyq, ádisshildik, aılakestik, raıkerlik

жерг. Айлакер болушылық.

Батыр атамыздың айлакерлігіне, қысылшаң жерден жол табатындығына сүйсінеміз кеп (Т. Ыдырысов).

Оның мәніci: ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы айлалығынан жетерсің деген сөз (Абай).

Бұған керуен басы Мұсабайдың тәсілқойлығы да көп себеп болды (Б. Соқпақбаев).

Ал бұл жағдай сонда icтeп жүрген адамдардың тапқырлығын, тәсілшілдігін керек етеді (М. Қайрақбаев).

Бүгін спортшыдан әдісқойлық көбірек талап етіледі («Спорт жұздыздары»).

Жобалайдың батырлығынан бұрын, адамның ойына келмейтін қулықты табатын айлакестігі бөлек еді (М. Әуезов).

Сүймеген адамның құшағында Күлпаш райкерлік жасай ала ма? (Т. Әлімқұлов).