Айлакерлік, айлалылық, тәсілқойлық, төсілшілдік, әдісқойлық, айлакестік, райкерлік

lat: Aılakerlik, aılalylyq, tásilqoılyq, tósilshildik, ádisqoı- lyq, aılakestik, raıkerlik jerg.

Айлакер болушылық.

Батыр атамыздың айлакерлігіне, қысылшаң жерден жол табатындығына сүйсінеміз кеп (Т. Ыдырысов).

Оның мәнісі: ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы айлалығынан жетерсің деген сөз (Абай).

Бұған керуен басы Мүсабайдың тәсілқойлығы да көп себеп болды (Б.Соқпақбаев).

Ал бұл жағдай сонда істеп жүрген адамдардың тапқырлығын, тәсілшілдігін керек етеді (М. Қайрақбаев).

Бүгін спортшыдан әдісқойлық көбірек талап етіледі («Спорт жүздыздары»).

Жобалайдың батырлығынан бұрын, адамның ойына келмейтін қулықты табатын айлакестігі бөлек еді (М. Әуезов).

Сүймеген адамның құшағында Гүлпаш райкерлік жасай ала ма (Т. Әлімқүлов).