lat: Aılakerlik
зат. Айлашылдық, тәсілқойлық.
Тапқырлық батырлықпен егiз жолдас,
Тар жерде тапқыр болмай ісің оңбас.
Алғыр ой, әдiсшiлдiк, айлакерлiк,
Аңдысып алысқанын алмай қоймас (Ә.Тұрманжанов, Менiң кiтаб.).
Бұл істің қатерлi екенiн Айнұр бiле тұрса да, бiрақ баласының қарулығына, айлакерлiгiне сенiмi мол едi (А.Хангелдин, Біздің от.).
Бұл жұмыстарды iске асыру асқан айлакерліктi қажет етедi (Ә.Шәрiпов, Партизан.).