Мейірі түсе жақсы көргенде айтылады. (Мұндағы қарағым-қарақ - көз, жанар, өң, нұр мағынасында, ал шырағым-шырақ деген де осы мағыналас. Көзі шырадай жанып тұр, шырайы жақсы, көне әдебиеттегі өңлүгі- чырағы деп келетін тіркестер біртектес. Тегінде көне жазбалардағы йула (шырағдан, білтелі шырақ) - шыра (-дай), - шыра (-й/ц) дегендер бір түбір болуы мүмкін). Айналайын қарағым, Жауға барсам, жарағым. Қабырғамда қанатым. Артымдағы құйрығым («Қыз Жібек»),