Айналдыру

lat: Aınaldyrý

Айналдыр етістігінің қимыл атауы. Бір затты екінші бір жоғары сатыдағы нәрсеге дамыту, жеткізу, жетілдіру.

Асыра ойлау дегеніміз өмірде бар заттың негізгі мағынасын алып, образға айналдыру (E.Ысмайылов, Ақындар).

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымдылығы және ғылыми зерттеулерді әрі қарай дамыту қажеттігін филиалды Қазақстан Ғылым академиясына айналдыpуға алғышарттар жасады (Қ.Сәтбаев, Қазақст.).

Айтқанына көндіруге әрекеттену. Сымбатты, күшті қызды бағындыруға күші жетпейтінін көрген соң, ол енді Райниді сөзбен айналдыpуға кірісті (С.Сейфуллин, Әңгім.).