Айналдыр

lat: Aınaldyr

ет. Бір затты не тетікті бір орнында бұрап қозғау.

Бала жігіт екі атты божылап айдап, барабанды айналдырып тұр (Ғ.Мұстафин, Миллионер).

Бір заттың ішін сыртына қарату, киімнің астарын сыртына аудару, ауыстыру.

Абай кәдiмгi ұрыларша шапан, бөрігін айналдырып киіп, мұрны мен аузын орамалмен таңып алған (М.Әуезов, Абай жолы).

Дөңгеленту, үйірілту.

Беріректе қорқамыз Патша түйсе қабағын.

Жетi жұртқа жүргізді Айналдырып амалын,

Әр нәрсенiң жөнiнен әшкере етіп сөз айттым,

Хатым қылып тәмәмын (Кердерi Әбубәкiр, Қазағым).

Айға шапқан айбарым,

Ерлік қүшті жүректе.

Айналдырар жер шарын,

Қуат бітті білекке (Қ.Аманжолов, Шығ.).