Айқын

lat: Aıqyn

сын.. Анық, ашық.


Жыршының аты жыршы ма,

Әркiмнен өлең жаттаса,

Сөз - жiбек жіп, жыр кесте:

Айшығы айқын керінбес,

Өрнексiз қылып баттаса (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Шығармада кейiпкер өмiрiнiң негізгі кезеңдерi айқын бедерленген (М.Дулатов, Шығ.).

Жансебіл қырғын елдiң есiндегi, ізі айқын Ұлытауда, Есiлдегi. Қызылжар қаласында қолаланды Қос батыр бір туғырда есiмдерi (К.Салықов, Жезкиiк).

Түндiктен түн жұлдызы жымыңдайтын, Дегендей: «Естіп тұрмын үніңді айқын» (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Аян, мәлім, белгілі. Сіздің түріңіз маған айқын, түсінікті, - дедiм мен (Б.Момышұлы, Офицер.).

Егіс уақыты да тақалып қалып едi, бұлар бармай колхоз жерге соқа салмайтыны өздеріне айқын болатын (Б.Шалабаев, Өмipдe.).