lat: Aıqyndaý, anyqtaý, naqtylaý, dáleldeý, aıǵaqtaý, aıandaý, derekteý, rastaý, kýálandyrý, negizdeý
Белгілі бір істің дұрыстыгына нақтылы көз жеткізу.
¥зақ түнге бітпеген кеңестер Сырдарияның шөлді даласын сусындату мәселесін айқындай түсті (С. Мұқанов).
Командирлер бұйрық бойынша бет алыстарын анықтап, карталарын салыстырып, тексеріп болған соң, өз топтарына кетті («Ол күн- дердің өшпес даңқы»).
Енді оқу-жаттығу уақытын нақтылайық( Ө. Жарылғапов).
Үкімет алдында өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеп шығуға бармын (I. Есенберлин).
«Жүзден-жүз» деген сөздің дабыра емес, шындық болғанын атақтап, омырауында алтын жұлдыз жарқырайды (С. Бақбергенов).
Уақыт, мұрша берші, аялдашы, анықтап жолдарымды аяндашы (М. Әлімбаев).
Біраз нәрсені деректеп, анықтап алу керек еді (Б. Момышұлы).
Есеп машинасының жасаған формуласы сынақтың дұрыстығын растады (Т. Шаханов).
Олардың араларындағы алыс-берісті куәландырудан басқа істе біздің жұмысымыз жоқ (Ғ. Мүсірепов).
Осы бір көріністің бәрін Әлханбек Мәлкеев толықтыра, негіздей түсті (Б. Тоқтаров).