lat: Aıypker, qylmysty, qylmysker, kunyker, aıypqor
сөйл. Қылмысты ic істеген, жауапқа тартылған адам.
Заңға қайшы icтеген қылмыстық ic- әpекеті үшін жауапқа тартылуға тиісті адамды әдетте айыпкер дейміз («Егемен Қазақстан»).
Ертеде қырғыз заманда
Тарғын деген батыр кісi еліріп,
Ханына қылмысты болып қырық сан
Қырым жұртына қашып барады («Ер Тарғын»).
Мемлекеттің қаруын жауына берген ондай қылмыскер ciз айтпасаңыз да айдалады, - деді қыз Мәдиге (Ә.Әбішев).
Сырлыбай қанша ағайынға жан тартқанмен де ақ патшаның алдында да, бұның алдында да қолын қандап құныкер бола алмасы хақ (Ә. Кекілбаев).
Солардың көпе-көрнеу кесірінен мінe айыпқор болып отыр («Жұлдыз»),