lat: Aıypker, qylmysty, qylmysker, qúnyker, aıypqor sóıl.
Қылмысты іс істеген, жауапқа тартылған адам.
Заңға қайшы істеген қылмыстың іс-әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиісті адамды әдетте айыпкер дейміз («Егемен Қазақстан»).
Ертеде қырғыз заманда Тарғын деген батыр кісі өлтіріп, ханына қылмысты болып қырық сан Қырым жұртына қашып барады («Ер Тарғын»),
Мемлекеттің қаруын жауына берген ондай қылмыскер сіз айтпасаңыз да айдалады, - деді қыз Мәдиге (Ә. Әбішев).
Сырлыбай қанша ағайынға жан тартқанмен де ақ патшаның алдында да, бұның алдында да қолын қандап құныкер бола алмасы хақ (Ә. Кекілбаев).
Солардың көпе-көрнеу кесірінен енді міне айыпқор болып отыр («Жұлдыз»).