lat: Aǵyzyp jiberdi
а) Исінгеннен (мезгілінен бұрын саумай тұрып) сүт шығып кетті.
Сауар алдында құлынына жанасып, исініп сүтін ағызып жіберетін биені исіншек бие дейді (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.).
ә) Іш тастады, төлін шала туды.
Бураға шөгеріліп кеткен түйенің бота тастап немесе бойына біткен төлін ағызып жібермес үшін мойнына кісе салынады. Осындай төлін ағызып жіберетін түйеге көшкенде, кіре тартқанда ешқандай ауыр жүк артпайды (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.).