lat: ABADAN
(ҚХР) қасқыр әуегінің (үйірінің) бастаушысы.
Қасқырдың абаданы әуегіндегі басқа қасқырлардың атасы да, мықтысы да болса керек.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер.
Әу, бірінің баласы алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданнан айрылса,
Олардың әрбіреуі әрбір итке жем болар (Жиембет жырау).