АБАДАН

lat: ABADAN

парсы тіліндегі мағыналары «гүлденген, абаттандырылған, көркем», «абырой, абыройлы, мәртебелі». Қазақ тілінде «көсем, көшбасшы, қасқыр немесе арыстан үйірінің бастаушысы, арлан» деген ауыспалы мағыналарда жұмсалады. Қазақ тіліндегі «Арыстаны көп, абаданы біреу». «Атадан алтау болса да, абаданы біреу» деген сияқты мақал-мәтелдерде «абадан» сөзі қолданылған.