АБАНДОН

lat: ABANDON

Теңіз сақтандыруында толық сақтандыру сомасын алу мақсатында сақтанушының сақтандырылған мүлкіне (кеме, жүк) қатысты құқықтарынан сақтандырушының пайдасына бас тартуы. Абандон мынадай жағдайларда қолданылады: кеменің ұшты-күйлі жоғалуы; бүлінуді жоюдың немесе сақтандырылған жүкті белгіленген орнына жеткізудің экономикалық жөнсіздіктері кезінде; егер мұндай қауіптен сақтандырылса, кемені немесе жүкті басып алу. Сақтанушы абандон туралы өтінішті шартты түрде жасамауы тиіс және оны кері қайтарып ала алмайды.