Адамның функционалдық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психикасына әсер ететін сыртқы орта жағдайларының жиынтығы. Атмосфералық қысымның толқуы, жердің магниттік өрісінің өзгеруі, күн сәулесінің артуы организмнің физиологиялық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрестің пайда болуына әкеледі.