[фр. ablaut, нем. ablaut]. Апофонияны немесе фонетикалық, алмасуды білдіретін кейбір тілдердегі термин. Мысалы: binden, band, gebunden. Тарихи тұрғыдан қарағанда аблаут дауысты дыбыстардың алмасуына тән болғанмен, қазіргі кезде ол грамматикалық құбылысқа тән.