АБОРИГЕНДЕР

lat: ABORIGENDER

[лат. aborigine әуел бастан, бұрыннан] ел аумағында қазіргі тұрғындарынан бұрын өмір сүретін, түпкілікті байырғы, ежелгі, іргелі халқы (мысалы, АҚШ пен Канададағы үнді тайпалары, Австралиядағы австралиялықтар және т.б.). Кейде аборигендерді автохтондар (грек. autos өзі, chton жер) деп те атайды. Аборигендер белгілі бір аумақта ежелден, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан байырғы тұрғындар. Көп жағдайда аборигендер бір ұлттық-этникалық қауымдастықтың құрамына кіреді. Мыс., Америка Австралияны отарлау барысында жергілікті халық қырғынға ұшырады, жекелеген жағдайларда халықты атамекенінен күштеп көшіріп, арнайы шет аудандарға ығыстырып, қоныстандырған. Мыс., АҚШта бүгінгі күні 1 млн.-ға жетер-жетпес үндіс қалған.