(саяс.) сайлаушының сайлау кезінде дауыс беруден саналы түрде бас тартуы. Осы арқылы басқару жүйесіне, саяси тәртіпке енжарлық танытуы, наразылығын білдіруі, өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға селқостык танытуы. Кең мағынада адамдардың саяси өмірге «менің ісім емес», «менің даусымнан ештеңе өзгермейді» деп немқұрайдылықпен қарауы.