АБСТРАКЦИОНИЗМ

lat: ABSTRAKSIONIZM

(латынша abstracts ауа жайылу) дүниежүзілік сөз өнерінде, әсіресе кескін өнері мен мүсін өнерінде XX ғасырдың бас жағында пайда болған ағым бірыңғай жадағай пішіншілдіктің асқынған түрі. Абстракциялау дерексіздеңну, жалпылану, белгісіздену. Абстракционистерше, өнер өмірдің емес, көңілдің ғана көрінісі, объективті емес, субъективті нәрсе; затты емес, дерексіз; нақты емес, мүсінсіз; сондықтан да ойға не келсе, соны кескінеіз көрсету керек. Сөйтіп, олар өнердегі мазмұн деген ұғымнан алшақтап, жалаң пішінді қуалап кетеді. Америка жазушылары Стюард Девис, Чарльз Ховард, Крауфорд, Ратнер, Моррис абстракционизмнің типтік өкілдері. Алайда, біздің ғасырдағы қылқалам өнерінің хас шебері Пабло Пикассоның шығармашылық жолы аталған ағымға жата тұра абстракционизм қисындары мен қағидаларын шын мағынасында жетілдіре, тіпті заңдандыра түскенін айтпасқа болмайды. Ысмақова А.