АБЫСЫН ШАЙ

lat: ABYSYN SHAI

ауылдың ерлері мен үлкендері жоқ кезде, ауыл-үйдегі әйелдердің қолы жұмыстан сәл босаған сәтте бір үйге жиналып, шай ішіп, өзара сырласуға мүмкіндік беретін кездейсоқ болатын бас қосу. Оған белгілі ортада қауым болып өмір сүретін қазақ ауылдарының көбіне көңілжетер, сыйлас абысындар жиналатындықтан, бұл салт Абысын шай деп аталған. Оның қынамендеден өзгешелігі ол алдын ала жоспарланып, арнайы ұйымдастырылмайды және сауық құрып, өлең айтып, ұзақ көңіл көтеруге уақыттың қысқалығы мұрсат бермейді. Ол әдетте күндізгі уақытта өтеді.