түркі халықтары тәңірі сенімінде болған көне дәуірдегі бірегей мәдени-әлеуметтік жүйенің өкілі. Профессор Қ. Жұбанов: «Қазақта ескі кездегі шамандарды абыз деп атаған. Ру құрылысы дәуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы, үлкені болғандықтан абыз сөзі барлық үлкендіктің аты болып кеткен»,— дейді. Абыздың тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жайына араласып отырған саяси тұлға екеңдігін академик Ә. Марғұлан атап көрсетеді. Фольклортанушы Е. Тұрсынов «абыз — әскери бақсы, болжаушы, кеңесші» деген пікір айтады. Айтылмыш пікірлердең абыз типінің ежелгі қоғамдық құрылыста бақсы, шаманнан гөрі өзгеше қызмет атқарғанын, ру ағасы, әскери ырымдарды атқарушы, жортуыл сәуегейі болғанын көреміз. Бұл жорамалды алтайлықтар «абыздың, яғни, бақсы бабаның бейнесі» деп түсіндіретін тас мүсіннің қолына садақ ұстаған күйінде қашалуы да дәйектей түседі. Қазақ жыр, аңыздарында да абыз тұлғасы ұшырасады. Мысалы, қазақтың генеологиялық шежіресінде Албан руының Шоған бұтағы Шоған абыздан таратылады. Осы орайда, «аб» сөзінің кейбір түркі тілдерінде «әуелгі, үлкен» деген мағына беретіндігі абыздың тайпа көсемі, батагөй ақсақал ретіндегі қызметін меңзейді. Әйткеңмен, ислам ықпалымен қазақ арасында абыз көбінесе «пір, әулие» деген атаумен алмастырылған. (мысалы, Абылайдың Жалаңаяқ пірі). Көркем әдебиетте абыз бейнесі Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанында, М. Әуезовтың сол аттас пьесасында мүсінделген.Орта ғасырлардан бастап қазақ қоғамында абыз рөлін жорық жыршылары — жыраулар атқарғанға ұқсайды. Мәселен, Жиембет, Ақтамберді жыраулардың ру көсемдері, Бұқар жыраудың Абылай Ордасындағы ақылман болғаны тарихтан белгілі. Бұған қарап, жырау типін абыздан төркіндететін пікірдің (Е. Тұрсынов) қисындылығына ден қоюға болады. Доскенов Ғ.